Көптің көкейіндегі мәселелер айтылды

730

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы – Қазақстан мемлекеттігін дамыту жолындағы ерекше тарихи кезең. Жолдауда халықтың көкейінде жүрген ең маңызды мәселелердің түйіні тарқатылды.

Мемлекет басшысы өзінің алғашқы Жолдауында ең маңызды мәселелерді қозғауымен көпшіліктің көңілінен шықты. Біраз уақыттан бері мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы көтерілмеген болатын. Жолдауда айтылғандай алдағы уақытта кітапханашылар мен мәдениет қызметкерлері де жоғары жалақыға ие болады. Қ.Тоқаевтың ауыр қылмыс жасағандарға жазаны ауырлату үшін екі ай ғана уақыт бергені дұрыс шешім деп білемін.

Сондай-ақ, Президент Жолдауында Ұлттық қорды тиімді пайдалану керектігін жеткізді. Қ.Тоқаев «Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қамы, қазынасы» деді. Келесі мәселе бұған дейін ел тұрғындары жылдар бойы жинаған зейнетақы қорындағы жарнасын тек зейнетке шыққанда ғана ала алатын. Енді оны жұмыс жасап жүріп те тұрғын үй алуға немесе оқуға төлеуге пайдалана алатын болады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударуы халықтың көңілінен шықты. «Кәсіпкер – айлық беруші, жұмыс беруші, салыққа түсім түсіруші» деген Қ.Тоқаев осы жеңілдікті тағы да 3 жылға дейін созуды тапсырды. Тек бұл ғана емес Жолдауда шағын және орта бизнес өкілдерінің салығын төмендету немесе босату жайлы да айтылды. Бір сөзбен айтқанда Президент «шағын және орта бизнеске кедергі келтіру – Үкіметке қарсы шыққанмен бірдей» деп енді ғана аяққа тұрып келе жатқан кәсіпкерлерді қолдайтынын жеткізді. Бұдан бөлек өнім өндірушілердің тауарын экспорттауға жағдай жасау, келер жылдан бастап кәсіпкерлердің жұмыс берушілердің зейнетақы қорына 5 пайыз қаржы аударып тұруын 2023 жылға қалдыру мәселесі де мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады.

 

Мәдіхан Төлендиев,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.