Конституция күніне арналған мерекелік жиын өтті

548

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік басқосуға мекеме қызметкерлері қатысты.

Жиында құттықтау сөз сөйлеген ЖД-158/2 мекемесінің бастығы Еркін Нұрбаев жиын қатысушыларын мерекемен құттықтап өтті.

– Ата Заң – азаттығымызды айқындайтын, Тәуелсіздігімізді паш ететін, Егеменді ел екенімізді танытатын, дербес мемлекеттігімізді көрсететін қастерлі құжат. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.  Ата Заң – Бабалар аманаты. Кешегі Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституциямыз.  Ата Заң – әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.   Ата Заң – дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.  Барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтаймыз! Бәріңізге зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық, береке, бірлік тілейміз! Аспанымыз ашық, Отанымыз тыныш, еліміз аман болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, көк Туымыз желбірей берсін! – деді Еркін Үсенұлы өз сөзінде.

Сонан соң мекеменің қаржымен қамтамасыз ету қызметінің бухгалетір А. Алдаберген баяндама жасап, Ата Заңның қазақстандықтардың құқықтарының сақталуының мызғымас тірегін екенін айтты.

Келесі кезекте Конституция күніне орай қызметтік міндетін атқаруда мінсіздік танытқан бірқатар қызметкерлер мекеме бастығының бұйрығымен арнайы грамотамен марапатталды. Атап айтқанда, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет полковнигі Жәнібек Тантабаев, мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Бекзат Ортаев, тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Мадьхан Төлендиев, заң кеғесшісі Қуандық Қалжанов, медицина бөлімінің рентгенологы Татьяна Мальцева, медицина бөлімінің фармацевті Күлайша Сметова, медицина бөлімінің медбикесі Әлия Байдалиева, тылдық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Канчакүл Есдаулетова, Арнайы есеп бөлімінің инспекторв Айнұр Сағымбекова, қаржымен қамтамасыз ету қызметінің бухгалтері Сәуле Қорабаева, кеңсе инспекторы Майя Сапармұратова және қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Үсейін Егешовтар марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.