ҚХЛ: «Барыс» алтыншы жеңісін тойлады

434

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында Ресейдің Владивосток қаласының «Адмирал» клубын қабылдады.

Кездесу елордалықтар үшін сәтті басталып, «Барыс» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бұрын «Барыс» өз айдынында Минскінің «Динамо» командасын 3:1, Подольскінің «Витязін» 3:1, Новосібірдің «Сибирь» клубын 5:2 есебімен жеңген болатын.

«Барыс» енді 1 қарашада Челябинскінің «Тракторын» қабылдайды.

3 қарашада Минскінің «Динамо» (Беларусь), 5 қарашада Братиславаның «Слован» (Словакия), 12 қарашада Новосібірдің «Сибирь» клубтарымен кездеседі.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.