Халық қалаулылары елмен бірге

162

Бұқара мен билік арасындағы алтын көпір саналатын депуттар бүгін ілкімді істің басы-қасынан табыла білді.
Аты жаман індеттің алдын алу, вирус жұқтырғандарға қолдау білдіруді мақсат еткен аудандық мәслихат депутаттары пульсоксиметр аппараты, он бес дана жеке қорғаныс костюмдері (көп реттік жиынтық), үш дана танометр (қан қысымын өлшейтін) құрал жабдықтарын аудандық орталық аурухананың дәрігерлеріне тапсырды.
Өз кезегінде аурухананың бас дәрігері Алтай Мұхтарұлы жаны жомарт азаматтарға барша ақ халатты абзал жандардың атынан алғысын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.