«Керімбала» керегесін кеңейтуде

612

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көптеп ашылып жатқан балабақшалар қатары мереке қарсаңында тағы бір ірі мектепке дейінгі білім беру мекемесімен толықты. Қордайда алғашқылардың бірі болып ашылған жекеменшік «Керімбала» балабақшасының құрылтайшылары жуырда тағы бір «Керімбала» атты балғын балалар тәрбиелейтін мекеме ашты. Нысанның ашылу салтанатына аудан басшысы Болатбек Байтөле арнайы қатысты. Сондай-ақ, ауданның Құмтетті азаматы Анатолий Шупта және ардагер ұстаздар Маржан Молдабекова мен Әлия Жүнісова сөз сөйлеп, бүлдіршіндер мен ата-аналарды құттықтап, мекеме басшыларына алғысын білдірді. Өз кезегінде балабақша құрылтайшысы – «Нұр ел» ЖШС-нің директоры Нұрланбек Болысбаев алдағы уақытта жаңа нысанның мүмкіндіктерін кеңейте түсетіндігін айтты. Жобалық құны 150 миллион теңгені құраған екі қабатты ғимаратта бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруге барлық жағдай жасалған. Мекемеде 2 қазақ және 3 орыс тобы жинақталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.