Келісті кешен

758

Елорда мерейтойы аясында Тараз қаласындағы облыстық олимпиадалық резервтің арнайы мектебі үшін 3 ангарлық спорт залы пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, көпшілікті қуанышпен құттықтады. –Құрметті спортшылар, қадірменді қауым! Ең алдымен барлықтарыңызды келе жатқан Астана қаласының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Мерекеге орай, облыс көлеміндегі бірқатар нысандарды ел игілігіне бергелі отырмыз. Соның бірі осы 3 ангарлық спорт залы. Жалпы, өткен жылы 32 спорт нысанының іргетасы қаланса, енді міне биыл 4 спорт кешені мен 40 спорт залының құрылысын аяқтау жоспарлануда,-деді Ерқанат Нұрбапаұлы. Келесі кезекте облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Жаңыс Әшімов құттықтау сөз сөйлеп, аймақтағы айтулы жетіктіктерге тоқтала келе, жас өрендерге өз батасын берді. Ашылу рәсімінен соң қонақтар соңғы үлгідегі спорт жабдықтарымен қамтылған кешенді аралап көрді. Мұнда спортшыларға барлық жағдай жасалған. Залда бокс, кикбоксинг, қазақ, дзюдо, еркін және грек-рим күрестерінен түрлі үйірмелер қызмет көрсетеді. Спорт кешенінің құрылысы өткен жылдың наурыз айында басталған болатын. Әрбір залда бір мезгілде 60 баланың жаттығуына мүмкіндік бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.