ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл облысына келді

321

Бүгін ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Мейрам Ақатұлы жұмыс сапары барысында облыстық прокуратурада өткен Жамбыл облысының құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті көшпелі мәжілісіне қатысты.

Бұдан кейін, Мейрам Аюбаевтың төрағалық етуімен Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жиын өтті. Онда сотталғандар тарапынан түсетін арыз-шағымдарға дер кезінде ден қою, сотталғандар арасында туберкулез ауруының алдын алу, болдырмау және Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қайта қылмыс жасау фактілерінің алдын алу сондай-ақ Пробация есебінде тұрған жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуы көрсеткішін 78 пайыздан асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

 

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.