Қазақстанның халықаралық резервтері 85,5 млрд доллардан асты

677

2018 жылғы қазанда Қазақстанның халықаралық резервтері қыркүйек айымен салыстырғанда 0,96%, 2017 жылғы желтоқсанға қарағанда 3,91% азайып, 85,591 млрд АҚШ долларын құрады.

ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі қазан айында 2,95% (жыл басынан бері — 5,38%) — 29,092 млрд долларға дейін, соның ішінде таза халықаралық резервтер көлемі 2,98% (-5,38%) 28,606 млрд долларға дейін азайған.

ҚР Ұлттық қорының активтері 0,09% (-3,15%) өсіп, 56,499 млрд долларға жетті. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер көлемі өткен айда 8,66% (былтырғы желтоқсаннан бері — 13,77%) қысқарып, 15,735 млрд долларды, ал алтындағы активтер көлемі 4,75% (+6,87%) өсіп, 13,357 млрд долларды құрады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.