Қазақстандықтардың орташа жалақысы 158,2 мың теңге болды

431

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы орташа жалақы көлемін атады.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері 414,5 мың адам жұмысқа орналасқан және қазан айында жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін төмендеген.

«Жалақы бір қалыпты қарқынмен өсуде. Биылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы 158,2 мың теңгеге дейін ұлғайды. Жалақының өсуі және инфляциялық процесстердің бәсеңдеуі аясында нақты ақшалай табыс биылғы қаңтар-тамызда 3,5%-ке өсті», — деп атап өтті Тимур Сүлейменов бүгінгі Үкімет отырысында.

Дегенмен, халықтың табысы бойынша өңірлерде түрлі көрсеткіштер байқалған.

«Биылғы қаңтар-маусым айларында 17 өңірдің 13-інде нақты табыстардың өсуі байқалып отыр. Сонымен бірге, 4 өңірде нақты табыстар азайған. Олар — Маңғыстау (-4,5%), Қызылорда (-2,6%), Алматы (-0,4%) облыстары және Алматы қаласы (-0,6%)», — деді Т. Сүлейменов.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.