KASE: Доллар бағамы төмендеді

510

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 374,05 теңгені құрады.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,79 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға — 373,8  теңге, ал ең жоғарғысы 375,2 теңге болған. Сауда көлемі 58,8 млн долларды құрады.

Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 374,84 теңгені, күндізгі сессияда 374,15 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 374,47 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 94,75 млн доллар болды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.