Астанада дзюдодан Қазақстан біріншілігі басталды

409

Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша, ел чемпионаты 16 қарашаға дейін жалғасады. Ұлттық біріншілікке еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысуда.

Осы біріншілікте бағы мен бабы қатар шауып жүлдегер атанған спортшылар ұлттық құрамаға шақырту алмақ.

Бүгін, яғни 13 қараша күні боз кілемге ерлерден  60 және  66 келідегі балуандар, ал әйелдерден 48 және 52 келі салмақта белдесетін балуандар бақтарын сынайды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.