Қазақстандық грек-рим шеберлері Азия біріншілігін екінші орында аяқтады

532

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатының екінші күні жас балуандарымыз ел қоржынына екі алтын, бір қола медаль салды.

ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, алғашқы алтынды грек-рим күресінің шебері Ғалым Қабдынасаров жеңіп алды.

Ол 60 келі салмақта ел намысын қорғаған болатын. Отандасымыз финалда ирандық қарсыласын ұтып, Азия чемпионы атанса, екінші алтынды ел қоржынына 67 келіде күрескен балуан Мерей Бекенов салды.

Ол алтын медаль үшін болған белдесуде қырғызстандық балуаннан айласын асырды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.