Жамбылдық заңгерлер Халықаралық құқық қорғау орталығының» сертификаттарын иеленді

747
Жамбыл облыстық сотында «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ келіссөздер және медиация Мектебінің түлектеріне салтанатты түрде кәсіби медиаторлардың сертификаттары ұсынылды. Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу барысында нотариустар, адвокаттар, заңгерлер мен кәсіпкерлер медиатордың мамандығын, дауларды және келіспеушіліктерді реттеу бойынша тәжірибелік дағдыларды игерді.
«Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ жетекшісі өз баяндамасында медиация институтын және оны республиканың құқықтық жүйесіне енгізуге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіре отырып, өз атынан алғыс хаттар табыстап, Жамбыл облыстық сотының медиация және бітімгершілік рәсімдердің дамуына, атап айтқанда, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембековтың, Динара Нұрлыбаеваның және Дінмұхаммед Әзретқұловтың қосқан үлкен үлестерін атап айтты.
Қарымта сөйлеуінде Жомарт Рүстембеков біріккен күш-жігердің арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілгендігін, облыс судьялары істі қарау барысында дауды немесе жанжалды бейбіт жолмен шешуге барлық күш-жігерлерін салатындығын айтты.
Сондай-ақ, медиация институтын дамыту және енгізу саласында тараптар едәуір уақыттарын үнемдейтіндігін, өйткені бір медиативтік сессияның орташа ұзақтығы 2,5-3 сағат екендігін атап өтті.
Медиацияның тараптары даудың мәнімен де, бастапқыда мәлімделген позициялармен де шектелмеген, медиацияға қатысты барлық ақпарат құпия болып табылады және жария етілуі мүмкін емес.
Барлық қатысушылар Жамбыл облыстық сотының басшылығына алғыстарын білдіріп және бірлескен түпкі мақсат – тараптардың дауласушылық деңгейін төмендетуге қол жеткізуге сенім білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.