Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы сақталады

486

2018 жылғы 2-4 тамыз күндері Қазақстанның өңірлерінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.

Республика аумағына Кар теңізінен ауысып келген циклон Қазақстан облыстарының басым көпшілігінің ауа райына ықпалын тигізеді. Осыған байланысты алдағы үш тәулік бойы найзағай аралас жаңбыр жауады, дауылды жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнгі уақытта термометр бағаны солтүстік бөлікте 7-15 градусты көрсетеді, ал оңтүстік аймақтарда 15-23 градус жылы болады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.