Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатын 16 медальмен аяқтады

85
Таиландтың Бангкок қаласында өткен жүзуден Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары 16 медаль иеленді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жарыстың соңғы күнінде Анатолий Руденко 50 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ Александр Мироничев 50 метрге еркін стильде жүзуден күміс жүлдеге ие болса, Данил Чужинов 400 метрге кешенді жүзуден қола медаль еншіледі. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы жоғары бәсекеде өткен аралас эстафетада (микст) күміс жүлдені жеңіп алды.
Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатын 16 медальмен аяқтады. Оның ішінде 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлде бар.
Leave A Reply

Your email address will not be published.