К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаевтың қатысуымен ерекше мәдени жоба өтті.
Жоба аясында өнер иесі «Ең ұзақ этномузыкалық марафон» номинациясы бойынша GBR (GLOBAL BEST OF RECORDS) әлемдік рекордын сәтті орнатып, Азия және Африка елдерінің Әлемдік рекордтар кітабына ресми түрде енді.
Шара барысында Бақыт Шағырбаев тыңдарманның сүйіспеншілігіне бөленген 114 әнін және басқа да таңдаулы шығармаларын орындап, көрерменге ұлттық өнердің құдіретін танытқан ерекше рухани әсер сыйлады.
Комиссия құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Берік Жүсіп, Азия мен Африка халықтары бойынша рекордтарды тіркеу дивизионының офицері Қуандық Құдайберген, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Ыдырысов болды. Құттықтаймыз