KASE: доллар бағамы төмендеді

618

Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 365,93 теңгені құрады.

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 66 тиынға төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға — 365,5 теңге, ал ең жоғарғысы 366,4 теңге болған. Сауда көлемі 18,6  млн долларды құрады.

Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 365,59 теңгені, күндізгі сессияда 366,35 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 366,43 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 114,3 млн доллар болды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.