Карантин талаптарын сақтайық

201

Құрметті Мойынқұм ауданының тұрғындары! Жамбыл облысының депутаты ретінде, Мойынқұм ауданының бас дәрігері ретінде барлықтарыңызды мемлекеттік санитарлық бас дәрігердің карантиндік режим туралы қаулысындағы талаптарды сақтауға шақырамын. Бұл дегеніміз отбасыңыздың балаларыңызды,қарияларыңызды сақтау яғни 65 жастан асқан қарияларыңыз асқа, тойға ешқайда бармай үйде болуы қажет. Балаларыңыз шомылуға, көшеде жайдан жай жүре беруіне болмайтынын үйде болғанын қадағалау керек. Өз басыңызға келетін болсақ антисептиктерді пайдаланып, көшеге шығатын болсақ бетперде таға отырып өз отбасыңыздың сақтайсыз, қарым қатынас кезінде қол алысып амандасуда емес 2 метр қашықтықта қолды кеудеге қойып амандасуды әдетке айналдырумыз керек. Құрметті Мойынқұмдықтар карантиндік режим сақтай отырып өз отбасыңыздың, еліңізді, жеріңізді түсіністікпен сақтайсыз деп білемін өз денсаулығымызға өзіміз кепіл бооайық, алда жалда сырқаттанып яғный ыстығыңыз көтерілген жағдайда 2-11-95 нөмеріне телефон шалу арқылы кеңес ала аласыз онымен қосымша газет журналдар арқылы дәрігерлердің телефон номері арқылы емдеу жолдары туралы кеңес ала аласыз. Сондай ақ Мойынқұм ауданының әрбір кәсіпкеріне алғысымыз шексіз. Бүгінгі таңда осы кәсіпкерлер медицина саласына қамқорлық жасай отырып қаржылай көмектерін бөліп, қымбат құрал жабдықтарды алып қамтамасыз етеміз деп үлкен бастама көтеріп отыр. Мойынқұм ауданының бас дәрігері ретінде жалпы медицина саласы қызметкерлеріне көрсетіп отырған қолдауларыңызға алғысымыз шексіз, рахметіміз мол. Әрбір медицина қызметкері алдыңғы шепте жүріп өз міндетін шын орындап елдің жердің аман есен болуына еңбек жасайды деп білемін. Барлықтарыңызды карантиндік режимді сақтауға шақырамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.