Күн тәртібінде — коронавирус

314

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің әкімшілігі тарапынан COVID-19 вирусының таралуының алдын алу бо­йынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Коронавирус таралуының алдын алу мақсатында жеке құрам қызметкерлері эпидемиоло­гияға қарсы режимді сақтай отырып, бірқатар шара жүргізеді.

Бүгінгі таңда аталған мекемеде санитарлық және инфекциялық режим күшейтілген. Коронавирус таралған жағдайда қарсы әрекет ету шаралары қабылданып, жеке құрам қызметкерлеріне іс-әрекет алгоритмі үйретілген.

Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Айгүл Танашева қауіпті вирустан сақтануда жеке бас гигиенасын сақтау аса маңызды рөл атқаратынын айтады.

— Жеке гигиенаны сақтау қажет. Қорғанудың ең оңай тәсілі барынша тиімді болып келеді. Бетперде (маска) вирустан қорғалатындығыңызға кепіл бола алмайды. Дегенмен оны тағу, шешу және кәдеге жарату ережесі бар. Өзін-өзі оқшаулау шаралары қажет. Мекеме аумағын зарарсыздандыру бойынша кешенді шаралар да қабылданған. Жеке құрам қызметкерлеріне індетке қарсы костюм кию оны зарарсыздандыру бойынша дәрістер оқытылған», — деді А.Танашева.

Дилора Борат,
ЖД 158/5 мекемесі медициналық бөлімнің фельдшері әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.