Еңбеккерлер құқығын қорғау бойынша келісім жасалды

674

Еңбеккерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау – қоғам үшін өзекті. Осы орайда, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында екіжақты келісім жасалды. 

Қос тарап арасындағы меморандумға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев пен «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген қол қойды.  Келісім Жамбыл облысы тұрғындарының еңбек даулары мен әлеуметтік мәселелерін  алдын алу мен шешу жүйесін қарастырады.

Жалпы, бүгінгі қайта жаңғыру дәуірінде адам құндылығы дербес мемлекеттің  дамуы жолында  маңызды мәселе екені сөзсіз. Бұл жайында «Қазақстан – 2050» стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты Елбасы еңбектерінде көрсетілген. Осы орайда, аталған келісім облысымыздағы еңбеккерлер құқығының қорғалуы бағытында жасалған жаңа қадам болып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.