Елімізде сиыр мен жылқы етінің бағасы қымбаттады

619

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ауыл шаруашылығы өнімдері 1,2 пайызға қымбаттады.

«Ағымдағы жылғы қыркүйекте 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 1,2, өсімдік шаруашылығы өнімі — 2,2 пайызға қымбаттады, ал мал шаруашылығы өнімі 0,7 пайызға арзандады», — делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігі таратқан мәліметте.

Ведомство ақпаратына сәйкес, қаңтар-қыркүйекте баға бидайға 4,4, сұлыға — 4,3, қара бидайға — 3,9, жүгеріге 3,4, күрішке — 2,9,  арпаға — 0,8 пайызға өсіп,  қарақұмыққа 9,3 пайызға төмендеді. Қырыққабат 1,8, асханалық қызылша — 0,5 пайызға қымбаттады, ал картоп 8,3, басты пияз — 5,4, асханалық сәбіз — 5, ашық топырақтың қызанақтары — 4,9, ашық топырақтың қиярлары — 2,4 пайызға арзандады. Баға бақша дақылдарына 6,3, жүзімге — 5,8, күнбағыс тұқымына — 2,2 пайызға өсті, ал жеміс және жидектерге 9 пайызға арзандады. Ірі қара мал еті 3,4, жылқы еті — 2,7, қой және шошқа еті — 1,7 пайызға қымбаттады,  ал құс еті 9,5 пайыза арзандады. Баға жұмыртқаға  12,3 пайызға төмендеді, ал шикі сүтке 1,2,  балға — 0,5 пайызға өсті.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.