Елбасы қамқорлығының көрінісі

601

Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Соңғы Жолдаудың ерекшелігі сонда, Президент бізге жаңа әлем – Төртінші өндірістік төңкеріс әлеміне бейімделуіміз үшін қандай шараларды жүзеге асыруымыз қажеттігін айқындап берді. Бұл Жолдау Қазақстандағы орнықты даму саясаты дәйекті түрде жүргізіліп келе жатқанын тағы бір мәрте паш етіп отыр. Парламенттің және Үкіметтің алдына қойылған міндеттер әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену жөніндегі қарқынды қадамын қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекет басшысы еңбек етіп жатқан тұрғындарды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау саясатын жалғастырып келеді. Еліміздегі ұстаздар қауымын қолдау – бұл еліміздің алдағы ондаған жылдағы саналы және білімді ұрпағына деген қамқорлықтың көрсеткіші. Мұғалімдер беделін көтеру және оларды материалдық тұрғыда қолдау олардың лауазымдық еңбекақысын ұлғайтуға ғана емес, ең алдымен мұғалім біліктілігін арттыруға ынталандыруға, өзін-өзі жетілдіруге және оқытудың үздік әдістерін меңгеруге ықпал етеді.
Жолдауда белгіленген әлеуметтік сала бойынша мақсат-міндеттер – Президенттің өз халқына деген шынайы қамқорлығының көрінісі. Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Тек соны тиімді пайдалануға күш салуымыз қажет.

Айдана Шәкібекова, Жамбыл ауданы Ю.Гагарин атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.