Діни сауаттылық тақырыбында дәріс өткізілді

666

«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігі Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Арнаулы орта оқу орындарының оқушылар мен білімгерлер арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бағытталған ақпараттық іс-шараларды өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Жоба аясында «Адырна – Таразы» жастар қоғамдық бірлестігі Меркі ауданының Кеңес, Аспара, Ақермен және Тәтті ауылдық округтерінде «Дін және жастар» тақырыбында мектеп оқушылар, студенттер және жастармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге арнайы ислам танушы, теолог маман және облыстық орталық мешітінің наиб имамы Амиреев Бақтияр Амантайұлы шақырылды. Бақтияр Амантайұлы өзінің дәрісінде дәстүрлі емес діни ағымдардың көптеп жастардың арасында кең тарап жатқандығын ескертіліп, оқушылардың көкейінде жүрген діни сұрақтарына жауап берілді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігіне ұйымдастырушы тарапқа өз алғыстарын білдірді.

Д.Әбдіғаппар, «Адырна – Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.