Димаш DiMENSIONS атты жаңа әлемдік турнесін жариялады

42

dimashnews.com
Димаш Құдайбергеннің жаңа «DiMENSIONS» жобасы – уақыт пен кеңістікті шарлау идеясына негізделген туынды емес, бұл – әртістің болмысын оны қоршаған әлемнің қабылдауы арқылы танытуға бағытталған талпыныс, деп хабарлайды Dimashnews.

«DiMENSIONS» Димаштың әнші, композитор және продюсер ретіндегі көпқырлы шығармашылық келбетін, сондай-ақ сахнадан тыс өміріндегі табиғи болмысы мен адам ретіндегі ең шынайы қырларын бейнелейді. Бұл қырлар оның әрбір туындысында көрініс табатын күш пен шабыттан, ұлттық мәдени мұрасына деген адалдығынан, сыртқы сабырлылығының астарында жатқан жан жылуынан, өмір жолында жинақталған ой-толғамдары мен өзін үздіксіз тануға деген ұмтылысынан айқын аңғарылады.

Әлем жұртшылығы Димашты ең алдымен оның қайталанбас дауысымен таниды. Ал бұл концерттің негізгі мақсаты – көрерменге сол ерекше дауыстың иесі болып табылатын тұлғаның тұтас болмысын ашып көрсету.

Эмоция, естеліктер мен әншінің өміріндегі тағылымды сәттер арқылы сахналық кеңістік біртіндеп оның ішкі әлемінің көркем бейнесін сомдайды. Нәтижесінде көрермен назарына әртүрлі өлшемдердегі бытыраңқы жеке фрагменттер емес, туған жерге деген сүйіспеншілікпен, шынайы сезімдермен, өмірлік ұстанымдармен, жаңа белестерді бағындыруға деген талпыныспен және оның шынайы «Менімен» тұтастық тапқан бірегей көркем бейне ұсынылады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286070-dimas-dimensions-atty-zana-alemdik-turnesin-zariialady

Leave A Reply

Your email address will not be published.