Астанада 7 саяси партия өкілдерінің қатысуымен теледебат басталды

44

видеодан скриншот
Бүгін, 5 тамыз күні сағат 20:26-да «Жетінші арна» телеарнасының тікелей эфирінде Құрылтай сайлауына қатысып жатқан жеті партия өкілдерінің қатысуымен екінші ұлттық теледебат басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тікелей эфир Астанадағы «Қазмедиа орталығының» концерт залынан жүргізілуде.

Екінші дебаттың негізгі тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту. Қатысушылар өз ұсыныстарын таныстырып, саладағы өзекті мәселелерді талқылайды және көрерменнің сұрақтарына жауап береді.

Жеребе тарту қорытындысы бойынша телевизиялық дебат барысында саяси партиялар өкілдерінің сөз сөйлеу реті белгіленді:

1. Respublica партиясы – Мейрамгүл Мәдәлі;

2. «Ақ жол» партиясы – Дулат Тастекей;

3. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – Максұт Насибулов;

4. «Әділет» партиясы – Рауан Кенжеханұлы;

5. «Байтақ» партиясы – Аслан Байзаханов;

6. «Ауыл» партиясы – Шахмардан Байманов;

7. Қазақстанның Халық партиясы – Бейбіт Құсайынов;

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286068-astanada-7-partiia-okilderinin-qatysuymen-ekinsi-ulttyq-teledebat-bastaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.