Даласы дархан Мойынқұмдағы мың сан іс

201

Мамыр айының соңында аймағымыздағы ең ауқымды аудан саналатын Мойынқұмға бардым. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау бойынша, Мойынқұм ауданында қоғамдық бақылау тобының жетекшісі ретінде аудандағы жұмыс барысын бақылап қайттым. Ондағы санитарлық, сақтық шаралары мен еңбек қауіпсіздігі, құрылыс жұмыстарының қарқыны мен орындалуы (ондағы олқылықтар) бойынша тиісті тапсырмалар бердім.
Тартақа айтар болсам, Мойынқұм ауданында 4 жұмыс тобы құрылған. Сонымен қатар, бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобаларды бақылау бойынша әзірленген жадынамаға сәйкес, ауданда абаттандыру, санитарлық тазалықтарды және тағы басқа нысандарды қадағалау мақсатында топтар 16 ауылдық округтерге бекітілген.
Ауданда үш рет жұмыс сапарымен барып, топ мүшелерімен кездесу өткізіп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобаларды зерделеу жұмыстарына арналған жаднамамен таныстырып, ауданның экономикалық жағдайы жақсаратынын кеңінен түсіндіріп, жан-жақты ақпараттандыру туралы пікір алмастық.
Негізінен Мойынқұм ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1 387 011,1 мың теңгені құрайтын 52 жоба ұсынылған, оған 462 адам, оның ішінде 233 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамту жоспарланған.
Бүгінгі күнге барлық 52 жоба бойынша конкурс қорытындысы шығып, 52 жоба бойынша келісім-шарттар жасалған.
Қазіргі таңда, 52 жобаның 45-інде жұмыстар басталып 338 жұмыс орны ашылып, оның 128-інде жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа алынды. Мектептердегі жөндеу жүргізу, жол салу жұмыстары жайында ақпаратпен қосымша бөлісетін боламын. Сондай-ақ, шалғайдағы елді-мекендерде балалар футбол алаңқайы, стрит-воркаут салу жұмыстары да белсенді басталған. Биыл жаңа оқу жылы басталмай жатып-ақ, ауылдардағы жастардың жаз бойы спортпен шұғылдануына мол мүмкіндіктер бар.

Балабек Нарбаев, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасарв

Leave A Reply

Your email address will not be published.