Чили тұрғындары экологиялық тұрғыда таза көліктерге көше бастады

483

Яғни жергілікті тұрғындар енді электрлі скутер, автокөлік, автобус, тіпті электрлі жүк көлігі арқылы қатынайтын болады. Бұл жобаның басты мақсаты – Чилидің астанасы Сантьяго қаласындағы ауаның ластық деңгейін төмендету. Бүгінде билік өкілдері жасыл транспортқа көшіп үлгергендер үшін арнайы жеңілдік қарастырып жатыр. Мәселен, электрокары барлар экологиялық салықтан босатылады, көлік жүргізу куәлігін жылдам ала алады және мемлекеттен субсидия бөлінеді. Билік тарапы 2022 жылға қарай елдегі электрокарлардың саны 10 есеге өседі деп жоспарлап отыр. Дегенмен бұл көрсеткішке қол жеткізу оңайға соқпайтын сыңайлы. Себебі электрлі көліктің бағасы қымбат. Сондай-ай ақ арнайы жанармай бекеттері аз. Бүкіл ел бойынша олардың саны 40 қана. Және жартысы Сантьяго қаласында орналасқан.
Айта кетейік, электромобильдің бағасы 60 мың доллар тұрады. Ал Чили тұрғындары айына 400 доллар көлемінде жалақы алады.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.