Білім беру мекемелерінде «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» дебат клубтары құрылды

19

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтты.

Жамбыл облысының білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен студенттер арасында парасаттылықты, қайырымдылықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» дебат клубтары құрылды (392 мектепте, 43 колледжде). Клубтарға 15 437 оқушы мен студенттер қамтылды.
Оқушылар мен студенттердің парасаттылығын, жоғары мәдениеттілігін қалыптастырып, дамыту мақсатында 8-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттері арасында «Сана парасаттылығы – адал ұрпақ негізі» атты пікірсайыс турнирлері өткізілуде. Бүгінгі күні мектепішілік кезеңге – 3 417 оқушы, аудандар мен колледждерде – 1 896 оқушы мен студент қатысты. Пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі а.ж. 24-25 қазанына өткізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.