Кезекті шендерін алды

342

Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет ету – асқан жауапкершілікті, кәсіби дайындық пен терең білімді қажет етеді. Бұл ретте, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері аталған талаптарға толықтай сай келетінін жыл сайын дәлелдеп келеді.

Жуырда салада табысты қызмет етіп, Ішкі істер органдарына адалдығын танытқан аталған мекеменің қызметкерлері кезекті шендерін алды. Оларды ҚАЖД бастығының орынбасары, полковник Бағлан Жапашева табыс етті. Нақты айтқанда Т. Сәрсенбеков, Д. Алибаева – капитан, Маралбеков, Ж. Абдигаппаров, Ж. Жақсыбекұлы – аға лейтенант және М. Малик сержант шенін алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.