«BILIM анимация» байқауы өтті

790

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тараз қаласында Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс – шараларды өткізетін облыстық орталықта «Білім  анимация» атты облыстық  байқауы ұйымдастырылды. Байқауға облысымыздан жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 11-18  жастағы 50-ге жуық  білім алушылары қатысты. Байқау  — оқушылар мен студенттердің  ақпараттық,  коммуникативтік  құзыреттіліктерін  арттыру   мақсатын көздеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен байқаудың ашылу салтанатында Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру жобалық офисі» коммуналдық мекеменің басшысы Берікқожа Серікбол Қайратұлы сөз сөйлеп, балалардың киноматографияға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, рухани бай етіп өсіру маңызды іс екенін атап өтті.

Облыстық «BILIM анимация» балалар байқауында аталмыш саланың  білікті мамандары Білім берудің ақпараттық  жүйесі  орталығының  директордың орынбасары – Тайғараева Жібек, Мектеп олимпиадаларын  және мектептен тыс іс – шараларды өткізетін облыстық орталықтың  қосымша  білім  беру педагогтары, Алимкулов  Ербол, Ошақбаев Бахтияр,  Троянова Ольга,  Сагындыков Серіжан қазылық етіп, бүгінгі таңда анимация саласының маңызы жоғары екендігін атап айтты. Бірегей білім           байқауының қорытындысы бойынша Бас жүлде: Жамбыл политехникалық колледжінің 3 курс студенті Халиулин Михаилға бұйырса,  І орын Шу ауданы, «Еңбекші» орта мектебінің оқушысы  Руслан Сабинаға берілді.  ІІ орынды  Тараз қаласы, № 6 орта мектебінің  оқушылары  Фикс Екатерина мен Ахметова Адема және де Сарысу ауданынан келген Абдрахман Ахмадия иеленді. ІІІ орынды  Тараз қаласы «Дарын»  мектеп – интернатының  оқушылары Биғазы  Нұрислам мен Қуанышбек Мұстафа өзара бөлісті.

Байқау соңында Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс – шараларды өткізетін облыстық орталықтың директоры Ш.Кашкинова қатысушыларға алғысын білдіре отырып,  жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.