Берік Уəли əлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларымен кездесті

811

Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уəли облыстағы əлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларымен кездесті, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Дөңгелек үстелге блогерлер, азаматтық қоғам белсенділері мен журналистер қатысты. Олар өз ойларын ортаға салып, болашақта бірлесіп жұмыс атқару жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Жиналғандарды басқарма басшысының еркін форматта қабылдап, емен-жарқын əңгіме айтқандығы қуантты.

Берік Уəлиұлы «Бастықтың барлығы – бюрократ» деген қатаң стеоротипті бұзатын адам екендігін анық көрсетті. Оның өз жұмысын Жамбыл облысындағы зиялы қауым өкілдері, əлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларымен кездесуден бастағандығы да осыны аңғартып отыр.

Оның үстіне, басқарманың жаңа басшысы қоғамдағы спорттық, мəдени əрі əлеуметтік шаралардың ортасында жиі жүреді. Яғни, бұйрық беріп, басшы болып, бөлмеде отырғаннан гөрі оған елдің ішіндегі ашық əңгіме, қоғамдағы өзекті мəселелер маңызды.

Осы орайда, Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының жұмыс жүйесі, тек хатпен жұмыс істейтін, кабинеттегі креслодан көтерілуді намыс көретін кейбір басқарма басшыларына үлгі болса екен деген тілек бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.