Бас прокуратура ел тұрғындарын мемлекет заңдарын сақтауға шақырды

354

Бас прокуратурасы ел азаматтарын Қазақстан заңдарын сақтауға шақырды. Бұл туралы Бас прокуратура бүгіні өзінің ресми сайтында хабарлады.

Айта кетейік, Бас прокуратура осыған дейін заңсыз митингілерді, шерулерді  ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтіндігін түсіндірген болатын.

«Осыған қарамастан, әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар еліміздің ірі қалаларында осындай акцияларды өткізуге арандатушы шақырулар таратуын жалғастыруда.  Құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлеріне күш көрсетуге және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнің жұмысына кедергі келтіруге итермелеуде. Бас прокуратура заңдылықты сақтауға, рұқсат етілмеген жария акциялар ұйымдастырудан және оларға қатысудан тартынуға қайта шақырады»,-делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Сондай-ақ онда осы құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатысы бар адамдарға құқық қорғау органдары қолданыстағы заңнама шеңберінде қылмыстыққа дейінгі, ең қатаң жауапкершілік шараларын қолданатындығы айтылған.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.