Бақылау пунктінің жұмысы жүйелі

461

Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/5 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесінің бақылау өткізу бекетіннің жұмыс барысы ҚР ІІМ 12.04.2017 жылғы №63 қбпү «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сай мекеме қызметкерлері, атап айтқанда Режим тобы қызметкерлері және бақылаушы құраммен бірігіп жүйелі түрде жұмыстар атқарылады.

Мекемеге келген адамдарды жеке қарауға, бақылау өткізу бекетінде орнатылған аркалы металлодетектормен және тасымалды металіздегішпен қаралады. Мекеменің бақылау өткізу бекетінде, рентгентелевизиялық қондырғы қарастырылмаған, мекемеге кіретін заттарды қарау, бақылап-өткізу бекетіндегі қызметкерлер тексеруімен жүргізіледі.

Мекеме аумағына рұқсат етiлмеген заттардың кiру жолын жабу мақсатында, бақылап-өткізу пункті арқылы кіріп-шыққан автокөлiктердi және сотталғандардың туыстары мен басқа азаматтардың алып келген азық-түлiгi мен киiм-кешектерiне мұқият тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Тыйым салынған заттардың жолын кесу және алдын алу мақсатында сотталғандардың жұмыстан келген кезде, басқа уақытта тінту жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Осы жүргiзiлген жұмыстар нәтижесінде, соңғы 2 жылда мекеме аумағында тыйым салынған заттар табылған жоқ.

Нұрлан Абдумаликов,

ЖД-158/5 мекемесінің режим тобының аға жедел уәкілі, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.