Әйелдер арасындағы алғашқы «Алтын доп» иегері марапатталды

770

Францияның «Лиона» командасы мен Норвегия құрамасының ойыншысы Ада Хегерберг әйелдер арасындағы алғашқы «Алтын доп» иегері атанды.

Хегерберг Парижде Ballon d’Or табыстау кезінде — France Football журналының тұжырымы бойынша үздік футболшыға «Алтын допты» табыстау кезінде осы марапатқа ие болды. Биыл Хегерберг Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды және командасымен бірге Франция чемпионатында жеңіске жетті.

Еске салайық, ерлер арасында «Алтын допты» испаниялық «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы және Хорватия құрамасының ойыншысы Лука Модрич иеленген еді.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.