«Astana Arlans» бокс клубы таратылады

673

Қазақстан Бүкіләлемдік WSB бокс сериясынан шығып, «Астана Арланс» бокс клубын таратады. Мұндай шешімді Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Данияр Әбілғазин бүгін федерация жұмысының жылдық қорытындысына байланысты Астанада өткен жиында мәлім етті.

««Астана Арланс» бойынша біздің президент бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдады. Келесі маусымда біз қатыспаймыз. Яғни, бұл команданы таратамыз. Бұл талқыланбайды. Команда Бүкіәлемдік WSB бокс сериясында ең көп жүлдеге ие болды. Оның құрамында қазақстандық Олимпиада чемпиондары өнер көрсетті. Біздің команда — WSB-де үш рет чемпион болған бірден-бір команда», — деді Данияр Әбілғазин.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.