Аудан тұрғындары Мемлекет басшысының мақсаласын талдады

652

Бүгін Сарысу аудандық кітапханада, кітапхана қызеткерлері арасында Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бүгінгі күні әлем тарихнамасында қалыптасқан тұжырымдарды жан жақты толықтырып нақтылай түскендігін айтып талдау шарасы өтті.
Жиын төл тарихын білуге, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағын, «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасын цифрландырып оны халыққа жеткізуді мақсат етті.
Аудандық кітапхананың директоры Светлана Қужаназарова әріптестер арасындағы мақалада көтерілген бастамалар мен міндеттерді ойдағыдай орындап, халықты, қоғамды осы мақсатқа жұмылдыруға бастайтын біз, яғни кітапхана қызметкерлері деді. Елбасының мақаласындағы әр тармағына тоқталып, нақтылап айтып өтті
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Клара Оспанова мақаланы бағамдап қарасақ ұлы даланың өзінің ұлттық дәстүрімен, қасиетті жылқы жануарын пір тұтатын, көкпарға шауып, бәйге алып, тұлпар мініп ат құлағында ойнаған. Дала өркениеті ежелден қазақтың қанына сіңген асыл қасиет. Қазақ елі қақаған боранда, ат құлағы көрінбейтін ақшұнақ аязда төрт түлік малын өргізіп, киіз үйін тігіп , жылдың төрт мезгілінде де сары даланы шарлап жүрген.
«Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, қалың оқырманға қолжетімді болу үшін цифрлы форматқа көшіріп насихаттау, «Ұлы дала тұлғалары» деп Әл-фараби, Ахмет Яссауи, Абылайхан, әз Тәуке, Кенесарымен Абай және де басқа тұлғалардың жетістіктерінің құрметіне ескерткіш мүсіндер қойылатын, оқу ағарту энциклопедиялық саябағын ашу керектігін айттып өтті.
Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісінде мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиеті жинақталады, қазақтың ежелден келе жатқан музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасы, ұлт қаhармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруда жол ашатын балалар фильмі мен мультипликациялық сериалдар түсіру. «Түркі әлемінің генезисі» айдарындағы 2019 жылы Астанада Түркологтардың конгресін,Түркі халықтарының ортақ туындыларының біріңғай онлайн кітапханасын ашу, облыс орталығы ретінде Түркстан қаласын дамытуда оның халықаралық аренадағы беделін арттыру қажет екенін айтып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.