Жастарға жемқорлықпен күрес жолдары түсіндірілді

557

«Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Сыбайлас жемқорлық індет – оны жою міндет» тақырыбындағы кездесу өткізілді. Кездесуге Тараз қаласының белсенді студенттері қатысты. Кездесуді «Жаңа-Ру» жастар коалициясы ЗТБ президенті Азамат Лесбек жүргізді.

Ол жастардың бойындағы жемқорлыққа қарсы қалай имунитет қалыптастыру керектігін сөз етіп, рухани жаңғыру арқылы ғана жемқорлыққты жояалатындығын сөз қылды. Келесі сөз кезегі Тараз қалалық мәслихат депутаты Серікбол Берікқожа өзінің жастайынан жемқорлыққа қарсы иммунитеті жоғары оқу орнында пайдаболғанын және оған ұстаздарының қаншалықты деңгейде көмектескенін айтты. Сондай-ақ, жемқорлық фактілерімен жолыққан жағдайда қалай күресу керектігін студенттерге түсіндірді.

Келесі сөз кезегі Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің тәрбие бөлімінің маманы Ерғали Әбуғалиге берілді. Сөзінде оқу ордасының маманы сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететінін, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретінін жеткізді. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ екендігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.