Астанадағы қиылыстардың бірі түнде жабық болады

103

Әлеуметтік желіден

https://turkystan.kz/article/281543-astanadagy-qiylystardyn-biri-tunde-zabyq-bolady
Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қала қиылыстарының бірі 17-18 мамыр аралығында жабық болады, деп хабарлайды turkystan.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана әкімдігінің Telegram арнасында жария болған ақпаратқа сәйкес, Әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысы уақытша толық жабылады.

«Шектеулер 17 мамыр сағат 16:00-ден 18 мамыр сағат 09:00-ге дейін енгізіледі. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», — делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/281543-astanadagy-qiylystardyn-biri-tunde-zabyq-bolady

Leave A Reply

Your email address will not be published.