Астанада құрылысы бітпеген үй құлады

77

Астанадағы Балқантау көшесінде жаңадан салынып жатқан үйдің бірінші қабатының төбесі опырылып құлап, жұмысшыларды басып қалды.

Оқиға Балқантау көшесіндегі 171-ші үйде, кешкі сағат 8-дің шамасында болған. 48 және 35 жастағы екі азамат құтқарылды. Төтенше жағдайлар комитетінің жедел құтқару жасағы біраз уақыттан кейін тағы бір азаматты үйінділер астынан алып шықты. Зардап шеккендердің үшеуі де ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар комитетінің құтқарушылары, осы мекеменің орталық аумақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының кинологиялық тобы және апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмылдырылған.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.