Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йемен Араб Республикасына әуе шабуылын жасады

591

Сауд Арабиясы басқаратын халықаралық коалиция Йемендегі Ходейда қаласына әуеден соққы жасады.

Әскери ұшақтар теңіз айлағын балық сататын базар мен аурухананы атқылаған. Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 52 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланған.  Йеменде 2014 жылдан бері үкімет пен бүлік шығарған хуситтер арасында жанжал жалғасып жатыр. Иран қолдайтын хуситтер сол кезде елдің басым бөлігін өз бақылауына алған болатын. 2015 жылы бұл шиеленіске Сауд Арабиясы басқаратын халықаралық коалиция араласты. Соңғы кезде коалиция Ходейда қаласына шабуылды үдетті. Қызыл теңізде осы айлақтың стратегиялық маңызы зор. Ол арқылы хуситтер қарамағындағы аймаққа азық-түлік пен қажетті заттар жеткізіледі.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.