Асқар Мырзахметов: Партияның жалпыұлттық жобалары Жамбыл облысында жүйелі жүзе асырылады

Бүгін «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХV конференциясы өтті. Жиынға партия Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Асқар Мырзахметов, партияның қалалық және аудандық филиалдарынан сайланған делегаттар, партия жанындағы комиссияларының мүшелері қатысты. Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның кезекті XVIIІ Съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы мәселелері қаралып, партияның кезектен тыс XIX съезіне делегаттар сайланды.

184

 

«Nur Otan» партиясының XVIIІ съезінде елдің әл-ауқатын арттыру, өңірлерді дамытуға бағытталған нақты жұмыстар мен жоспарлар айқындалып, партия партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев барша қоғам алдына ауқымды міндеттер қойып, партияның «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» және «Халыққа көмек» жобаларын ұсынған болатын. Бұл – «Nur Otan» партиясына, атқарушы билікке берілген тапсырма.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған партия Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов аталған жобалар бойынша облыста атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

-«Бақытты отбасы» партиялық жобасы бойынша еліміздегі тұрмысы төмен отбасылар мен тұрғын үйге аса мұқтаж жандардың қатарын азайту көзделуде. Көпбалалы отбасыларға берілетін түрлі әлеуметтік жеңілдіктер жасау жолдары қарастырылады. Ал, «Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға арналған. Ауылдардағы кәсіпкерлікті дамыту мен бұл жұмыстарға ауыл жастарын белсенді түрде тарту көзделген. Осы жоба бойынша еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, алдағы үш жылда 18-ден 35 жас аралығындағы 2 мың жас өндірістік сынақтан өтеді. Жалпы, жобада өз ісін ашамын деген жастар арасында  бизнес-ортаны қалыптастыру үшін – кәсіпкерлікке оқыту мен бизнес жобаларын қорғау жолдары қарастырылып отыр. Жалпы, бұл жобаға облыс бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін 2 769 311,0 мың теңгеге барлығы 104 жоба жүзеге асырылатын болады, — деді Е.Манжуов.

«Халыққа көмек» жобасы бойынша облыста жұмыстар басталып кетті. Бүгінгі күнге жоба аясында 550 өтініш түсіп, олардың 183-і оң шешімін тапқан (33%). Қалған өтініш иелеріне ҚР заңнамалары талаптары бойынша түсіктеме берілді.

«Құтты мекен» жобасы шеңберінде азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыру мен  халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі көтерілген.          Сондай-ақ, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының қолжетімділігі, инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық саласын  жетілдіруге басымдықтар берілген.  Таза экологиялық ахуалды сақтау мәселелері де басты назарға алынып отыр. Мысалы, «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары «Құтты мекен» жобасы бойынша 2019 жылға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаралып отыр. Бұл жобаның түпкі нәтижесінде – сапалы  нысандар мен инфрақұрылым жүйелерінің халық игілігіне сапалы беру көзделген.

Қорыта келе Ерқанат Манжуов «Nur Otan» партиясы ұсынып отырған ауқымды жобаларды іске асыру – бір адамның, болмаса бір ұйымның мәселесі емес, барша қоғам болып атқаратын аса жауапты іс екенін жеткізді.

Конференцияда партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Асқар Мырзахметов бүгінде өңірде 30 мыңға жуық отбасы әлеуметтік көмек алатынын айтты. – Сонымен қатар, түрлі себептерге байланысты әлеуметтік көмек алатын отбасылардың тұрмыс деңгейіндегі, алайда әлеуметтік көмек ала алмай отырған 3 мың жанұяның тізімі анықталды. Сол отбасыларға облыстық бюджет есебінен көмек көрсетілетін болады. Қазіргі кезде осы бағыттағы жұмыстардың үш жылдық жоспары жасалынып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстардың «Nur Otan» партиясы мен әкімдік бірлесе толық атқарсақ, Елбасының партияның кезекті XIX съезінде айтылған тапсырмаларын орындайтын боламыз, — деді аймақ басшысы.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында да облыста ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. Республикалық қазынадан бөлек, облыстық бюджеттен де 6 млрд тенгеден аса қаражат бөлетін боламыз. Ол ауылдағы тұрғындардың жағдайын жақсартуға, елді мекендердегі тауар өндірушілерге көмек көрсетуге, жалпы ауылды дамытуға бағытталады. Қажет болатын болса оған тағы да қосымша қаражат қарастыруға дайынбыз. Яғни, нақты жоспар бар. Енді барлығымыз жұмыла кірісуіміз керек. Қаражаттың мақсатты жұмсалып, тапсырманың орындалуын партия қатаң бақылауға алатын болады. Елбасының партия съезінде берген тапсырмаларының, партиялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша Жамбыл облысы өзге аймақтарға үлгі болатындай жұмыс жасау қажет.

«Халыққа көмек» жобасы бойынша да өңірде жұмыстар атқарылуып жатқанын жеткізген А.Мырхазметов: — 153 елді-мекен болса, былтырдан бері 70 ауылдық округте ақпараттық орталықтар халыққа қызмет ете бастады. Алдағы уақытта тағы 71 ауылдағы мәдениет үйлерінен ашылатын болады. Өзге мекендерде де кеңжолақты интернет қолжетімді болғанда, Жамбыл обылсында елді мекендерде 100% ақпараттық орталықтармен қамтылатын болады. Ал мұндай орталықтар халыққа қызмет көрсетудің бірден бір тетегі, — деді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.