Жамбыл ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғамның ортақ жауапкершілігі» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Іс-шараға азаматтық қоғам өкілдері қатысып, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы азаматтардың белсенді рөлі туралы пікір алмасты.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әділдік, адалдық және жауапкершілік құндылықтарын бірге қалыптастыру арқылы ғана жемқорлықсыз қоғам құра аламыз.