Жамбыл ауданында «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – әр азаматтың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы жүргізді.
Кездесуге Кәсіпкер әйелдер кеңесінің өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адал кәсіпкерлік қағидаттарын қалыптастыру және қоғамдағы әр азаматтың жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында кәсіпкерлік ортадағы ашықтық пен адалдықтың маңызы, заң талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – баршамызға ортақ міндет. Ал адалдық пен әділдік әр азаматтың күнделікті ұстанымынан басталады!