Жемқорлықсыз қоғам құру – әр азаматтың парызы

1

Жамбыл ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғамның ортақ жауапкершілігі» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.Кездесуді «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
Іс-шараға азаматтық қоғам өкілдері қатысып, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы азаматтардың белсенді рөлі туралы пікір алмасты.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әділдік, адалдық және жауапкершілік құндылықтарын бірге қалыптастыру арқылы ғана жемқорлықсыз қоғам құра аламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.