Тамыз айындағы ҰБТ-ға 27 мыңнан астам адам қатысты. Оның 53%-ы шекті балл жинады.
ең жоғары нәтиже – 136 балл;
тестке 98 ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкер қатысты.
Ереже бұзған 66 талапкердің ішінде 30 адам тестке кіре алмай қалса, 36 адам тест барысында аудиториядан шығарылды.
ҰБТ бейнежазбалары 31 қазанға дейін қайта тексеріледі. Ереже бұзу анықталған жағдайда талапкердің нәтижесі жойылады