Талас ауданында профилактикалық іс-шара өтті

Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдар мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, Қаратау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу мақсатында 10 дана терезе блокираторы орнатылды.
Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады
Comments (0)
Add Comment