Жаңатаста терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде

5 маусым күні Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының аумағында терроризмге қарсы Сарысу аудандық жеделштабымен «Сарысу-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты — құқық қорғаужәне арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы
Comments (0)
Add Comment