«AMANAT» ПАРТИЯСЫ САРЫСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

57
Бүгін аудандық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XLVII конференциясы өтті. Конференция жұмысына аудан әкімі Сәкен Мамытов, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, конференция делегаттары қатысты.
📌Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша ««AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының 2025 жылы және 2026 жылдың І тоқсанында атқарған жұмысы туралы» партияның аудандық мәслихатындағы фракция жетекшісі Мұратбек Есмұрзаев баяндама жасады.
📌Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ««AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының Сарысу ауданында орындалу барысы туралы» аудан әкімі Сәкен Мамытовтың есебі тыңдалды.
📌Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша ««AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасын сайлау» бойынша партияның аудандық филиалының төрағалығына Ахан Шортанбай сайланды.
🔰Сонымен қатар, ««AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгеріс енгізілді. Қорытынды сөз сөйлеген партияның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы аудандағы саяси жағдайға оң бағасын беріп, жаңа төрағаға мақсат міндеттемелерді жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.