Алматылықтар жеңімпаз

769

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басармасының ұйымдастыруымер өткен БАҚ қызметкерлері арасында республикалық турнир өз мәресіне жетті. Ойын қорытындысы бойынша «Апорт» арландары жеңіске жетті.

Аламан доп бәйгесінде екінші орынды иеленген «Тараз-Пресс»  тарландары болды. Үшінші орынды «Ернияз» ерлері қанжығасына байлады.

Сондай-ақ, төмендегідей номинациялармен үздік ойыншылар марапатталды.

 «Үздік қорғаушы» Еркеғали Балажан, Түркістан облысы;

«Үздік ойыншы» Нұрсұлтан Құрман, «Хабар»  Астана;

«Үздік қақпашы» Ілияс Сайлаубайұлы, «Тұран» Алматы облысы;

«Үздік шабуылшы» Әділбек Жақанов, «Ақмешіт» Қызылорда облысы;

Барлық жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Абзал Есіркепов

Leave A Reply

Your email address will not be published.