«Шөлдала» шағын ауданында жаңа мектеп ашылды

1 232

1 қыркүйек — Білім күніне орай «Шөлдала» шағын ауданында №59 орта мектебінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжунов, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Т. Олжабай, ұстаздар, ата- аналар қатысты.
Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген судай жаңа мектеп «Нұрлы жол» Инфрақұрылымдық 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша бой көтерген. Бұл құрылысты мемлекеттік ұлттық қоры қаржыландырған.
Мектептің жобалық қуаты — 900 орын. Мәжіліс залы — 294, асxана — 56 орынға арналған. Жаңа медофикациялы физика, xимия, биология, екі лингафондық-мультимедиялық, екі комьютерлік кабинеттермен жабдықтылған.
Осы күнге дейін үш ауысымда білім алып келген №55 орта мектептің оқушылары енді екі ауысымда оқитын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.